- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-дағы қалалардың дамуына ЭЫДҰ өкілдері көмектеседі (ФОТО)
ОҚО-дағы қалалардың дамуына ЭЫДҰ өкілдері көмектеседі (ФОТО)
Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды аймақ үшін бұл отырыстың маңыздылығына тоқталды.
«Үш миллионға жуық халқы бар біздің облыс республикадағы ең ірі өңірлердің бірі болып табылады. Облыс орталығы – Шымкент қаласы оңтүстік өлкесінің экономикалық өсуіндегі агломерациялық орталығы болып табылады. Күнгейдегі жылдам дамып келе жатқан қалалардың бірі деп еліміздің тарихи-мәдени және рухани орталығы болып саналатын Түркістан шаһарын айтуға болады. Сондай-ақ, Кентау қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Бүгінгі Сіздерден түскен ұсыныстар облысымыздағы қалалардың дамуына серпін беріп, Елбасының әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын орындауда қызмет ететініне сенімдімін», - деді Д.Сатыбалды.
Жиында сөз алған ЭЫДҰ жетекшісі Оскар Хуерта Мельхор аталған ұйымның атқаратын қызметін атап өтіп, «қалалық даму саясатына шолу жасау» жобасы шаһардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерін жетілдіріп, Қазақстан қалаларының даму саясатына кешенді баға мен кеңес беретінін жеткізді.
Атап өту қажет, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы - ең беделді халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады және жоғарыда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу бойынша бүкіл әлемге ұсынымдар әзірлейді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар -
Антикор: Әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі -
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай -
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті -
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады -
Пандемия ауыл шаруашылығының дамуына қалай әсер етті -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
COVID-19: Денсаулық сақтау минситрлігінің өкілдері өзекті сұрақтарға жауап берді -
Бизнес өкілдерінің проблемасын жақсы білеміз - ҚР Ұлттық экономика министрі -
Қазақстандағы электронды сауданың жағдайы. Онлайн-сауданың дамуына не кедергі -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Қарапайым санитарлық шараларды сақтау – вирусты азайтуға көмектеседі -
Президент көтерген мәселелер ауылдық мектептердің дамуына септігін тигізеді – зейнеткер ұстаз