- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Ерімбетов: Орта Азия қауіпсіздігін нығайту – Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі орындалатын мүмкіндігі
Н.Ерімбетов: Орта Азия қауіпсіздігін нығайту – Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі орындалатын мүмкіндігі
28 маусым күні БҰҰ Бас Ассмблеясында аталмыш ұйымның Қауіпсіздік Кеңесіне бес тұрақты емес жаңа мүшелердің сайлауы өтті. Қазақстан 2017-2018 жылдарға осы ұйымның тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Қазақстанға 138 ел дауыс берген. Оның басты бәсекелесі Тайландты БҰҰ-ң 55 мүшесі ғана қолдаған.
Дауыс беру қортындысы бойынша елдің бірінші басшысының атына – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтаулар толассыз келіп жатты. Түрлі сала сарапшылары аталмыш оқиғаға байланысты талқылаулар жасады. Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен құрметке ие болды. Өйткені Қазақста Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы және ішкі саясаттағы ұстанған бебітсүйгіштік қағидалары қашанда әлемдік деңгейде жоғары бағаланып келді. Осындай пікірлерді әлемнің сарапшылары да білдірді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында әлемдік саясатта жетекші ойыншылардың біріне айналды.
Қазақстан ресми түрде БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігінің толық құқтық жұмысына 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі және бұл жұмысты 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғастыратын болады.
«Қазақстан Азаматтық Альянсының» президенті Нұрлан Ерімбетов екі жылдық жұмыста қандай мүмкіндіктерді пайдалануға болатынын атады.
Оның пікірінше, Қазақстанның сайлануы – бұл бірінші кезекте, әлемдік ситуацияда шешім қабылдап, оған ықпал етуде аймақтың мойындалуы.
«Ең бастысы, біз аймақтағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдігі боламыз және айтылмай келген мәселелерді көтереміз»,-деді сарапшы.
Н.Ерімбетов бұдан бөлек, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік мәселелерін көтеретінін және елдер арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартатын бірегей мүмкіндік болатынын айтты.
«Еліміздің Орталық Азиямен ескі достығы және тарихи өзара қарым-қатынасы бар. Бүгінгі таңда біздің аймақта адами қарым-қатынасты жақсартуға бірегей мүмкіндіктер бар. Біз әлем тек халықаралық ұйымдар негізінде немесе тек үлкен жиналыстардығы қойылымдардың негізінде тұрақтап тұрмағанын, сонымен қатар адами негізге байланысты екенін түсінуіміз керек. Бізді көптеген ортақ дүниелер біріктіреді. Біріншіден, ортақ тарих, ортақ трагедия»,-деп есептейді саясаттанушы.
Осылайша, біздің халықтар арасында мәдени алмасу мүмкіндіктері пайда болады.
«БҰҰ ҚК мүшеліктің екі жылы өте шығады. Бірақ біз елдің әкімшілік ресурстарын, түрлі салалардағы мүмкіндіктерді пайдаланып аймақтағы атқарған жұмыстарымыз арқылы із қалдырамыз»,-деп толықтырды ойын Н.Ерімбетов.
Еске сала кетейік, Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіндегі жұмысында әлемдегі тәртіпті нығайтуға, терроризмге қарсы тұру мен жалпы қарусыздану бағытына басымдық беретін болады.
Ботагөз Айтжанова
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев