- Басты
- Жаңалықтар
- Екатеринбург ресейлік өнеркәсіп көрмесінде ЭКСПО-2017 таныстырылды
Екатеринбург ресейлік өнеркәсіп көрмесінде ЭКСПО-2017 таныстырылды
«ИННОПРОМ-2016» Ресейдің ең ірі әмбебап өнеркәсіптік көрмесі болып табылады дәне ол 2010 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл көрмеде 600-ден астам компаниялардың өкілдері мен әлемнің 95 елі қатысады, ал шара алаңында шамамен 40 келісімшартқа қол қойылды. Көрме тақырыбы – «Өнеркәсіптік желі» деп аталады, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Көрме аясында «ЭКСПО-2017» «Болашақтың энергиясы» тақырыбында арнайы панельдік сессия ұйымдастырылды. Сессияға РФ энергетика министрінің бірінші орынбасары Александр Текслер, РФ өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламанов, Үндістанда сауданы жәрдемдесу бойынша ұйымның атқарушы директоры, «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Үнді секциясының Комиссар орынбасары Шубхра Сингх, «EXPO One» компания басшысы – «ЭКСПО-2017»-гі Қытай павильонын ұйымдастыру бойынша оператор Ин Чжан және энергетика, инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы жетекші ресейлік компаниялардың басшылары қатысты.
Өз сөзінде Р. Жошыбаев «Болашақтың энергиясы» атты тақырып кездейсоқ алынбағандығын айтып өтті. Дәстүрлі энергия көздерінің ірі қорларының болуына қарамастан, Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу бойынша Тұжырымдаманы қабылдап, оны іске асырып жатқандығын мәлімдеді.
Сөз барысында Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, «ЭКСПО-2017»-гі РФ Комиссары Георгий Каламанов Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 159-ші сессиясында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындығын жоғары бағалады.
Сессия қорытындысы бойынша Р.Жошыбаев «ЭКСПО-2017» ресейлік секция комиссарымен кездесті. Кездесу барысында тараптар ресейлік павильонды толтыру мәселесін, Ресейдің ұлттық күнін өткізу мәселесін талқылады.
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
ҚР-дағы вакцинация: Отандық және ресейлік вакциналардың жанама әсерлері мен сақтану шаралары -
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласының дамуы
-
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Р.Скляр: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8 пайызға өсті -
Тоқаев: Қазақстандық делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады