- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 1 мың гектардан астам егістік алқабы қайта айналымға қосылмақ
ОҚО-да 1 мың гектардан астам егістік алқабы қайта айналымға қосылмақ
Атап айтар болсақ, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауылдық округтерінде жалпы ұзындығы 94,4 шақырым каналды жөндеуден өткізу жоспарланып, бүгінге дейін оның 76,9 шақырымы қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 110 дана ағын су тоспаларының 61-і жаңартылды.
Бүгінгі таңда ондағы Қоссейіт ауылындағы «1-Р-2» каналында 2 эксковатор мен 1 бульдозер, Көксу ауылдық округіндегі «2-Р-1» және «2-Р-2» каналдарында 3 эксковатор, Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі «РК-1» және «РК-2» каналдарында 2 эксковатор мен 1 «МТЗ-80» трактор техникалары уақытпен санаспай жұмыс істеуде. Ал мемлекет тарапынан бөлінген 151 млн. теңгеге 4 мердігер компания жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
«Жұмыстардың барысын аудан әкімі А.Абдуллаев ұдайы қадағалап, ауылдық округтердегі ағын су нысандарының жөндеу жұмысына айрықша көңіл бөлуде. Тиісті сала мамандарына жұмыстың сапалы және кестеге сәйкес атқарылуын қатаң түрде қадағалап отыру тапсырылды», - делінген хабарламада.
Диқандар игілігі үшін жасалынып жатқан механикалық жөндеу жұмыстары шілде мен қазан айлары аралығында толықтай жүргізіліп, бітеді. Осының нәтижесінде, Шардара ауданындағы 1112 гектар егістік алқап қайта айналымға қосылмақ.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді