• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев Тереза Мэйді Ұлыбритания Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады

Н.Назарбаев Тереза Мэйді Ұлыбритания Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады

14 Шілде, 2016 12:39
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйге оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады және екі елдің арасында берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

«Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанның кандидатурасын қолдағанын еліміз жоғары бағалайды. Біз екіжақты серіктестікті екі мемлекет халықтарының игілігі жолында дамыта беруге әзірміз», – делінген жеделхатта.

Елбасы соңында Т.Мэйдің жаңа қызметінде табысты болуына, ал Біріккен Корольдік халқының өркендей беруіне тілектестігін білдірді. 

 

 

Барлық жаңалықтар