- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы мұражайға барды
К.Мәсімов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы мұражайға барды
Аймақта мәдени сала жергілікті қазақ диаспорасының арқасында дамып отыр – аймақта қазақ драма театры жұмыс істейді, жыл сайын Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтіп, бүркітшілер арасында жарыстар ұйымдастырылады.
Осыған орай, өлкетану мұражайының экспозициялары да жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне арналған. Мұражай 1948 жылы құрылған. Қазіргі кезде оның қорларында 5200-ден астам экспонат бар.
Мұражайды аралаған К.Мәсімов мұндағы экспозициялармен танысып, оның басшылығымен, жергілікті қазақ зиялыларының өкілдерімен әңгімелесті, деп хабарлады pm.kz.
Мұражайдың аймақтың табиғатына, тарихы мен этнографиясына арналған бөлімдерінде жергілікті қазақ диаспорасының қайталанбас өнер үлгілері мен ескерткіштері, оның тарихы туралы мәліметтер қойылған.
Жыл сайын мұражайға 10 мыңнан астам тұрғындар мен туристер келеді.
Естеріңізге салсақ, ҚР Премьер-Министрі 15 шілде күні Ұлан-Батыр қаласында өтетін XI АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға келді.
-
Қазақстан Президенті Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды -
Қ.Тоқаев елордадағы инфекциялық ауруханаға барды -
Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды -
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды -
Бердібек Сапарбаев Талас ауданына жұмыс сапарымен барды -
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды -
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды -
Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысу үшін Германияға барды -
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды -
Димаш Құдайберген Нью-Йоркке концертін беруге барды -
Қ.Тоқаев Бішкектегі Ұлттық тарихи-мемориалдық кешенге барды -
Президент «Digital Centre» орталығына барды -
Қ.Тоқаев Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барды -
Н.Нығматулин Ханой университетінде Абай орталығына барды -
Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды