- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр Моңғолиядағы қазақ диаспорасымен кездесті
Премьер-Министр Моңғолиядағы қазақ диаспорасымен кездесті
Естеріңізге салсақ, ҚР Премьер-Министрі 15 шілде күні Ұлан-Батыр қаласында өтетін XI АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға келді.
Айтар болсақ, Өлгей қаласы орналасқан облыс халқының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7% бөлігін қазақтар құрайды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Моңғолия басшылығы диаспора мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Бүгінгі таңда облыста 43 орта мектеп бар, онда 1-4 сыныптар аралығында оқушылар қазақ тілінде, ал 5-11 сыныптар аралығында моңғол тілінде оқытылады.
Сонымен қатар қалада қазақ тіліндегі «Жаңа өмір» газеті жарық көреді.
Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкімет Өлгей қаласындағы селден зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсететінін атап өтті, деп хабарлады pm.kz.
Премьер-Министр жақын күндері көрсетілетін қолдау қандастарымызға табиғи апат салдарын жоюға жәрдемдеседі деген үмітін білдірді.
Еске салайық, Моңғолияның Өлгей қаласында 10 шілде күні сел жүріп, салдарынан тұрғын үйлер қирап, су астында қалды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді