- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында жем азығы түйірлерін шығаратын шағын зауыт салу жоспарлануда (ФОТО)
Алматы облысында жем азығы түйірлерін шығаратын шағын зауыт салу жоспарлануда (ФОТО)
Облыс әкімі алғаш барған нысан – Жоламан ауылдық округіндегі «Шадиев» ЖШС-ның мал бордақылау алаңы. Жоба қазақ-өзбек бірлескен инвестициялық жобасының негізінде жүзеге асырылған. Жалпы құны бір миллиардқа жуық теңгені құрайды.
«Шаруашылық басшысы Фазыл Шадиевтің айтуынша, инвестиция қаржысы тиісті инфрақұрылымы бар алты ірі сиыр қора салуға және бір жарым мың бас аналық, бес Ангус етті тұқымды өндіргіш бұқалар мен қажетті техника сатып алуға жұмсалған. Етті Өзбекстанға экспорттау, танымал «Беккер» шұжық компаниясына өңдеуге өтікізіп, өз фирмалық дүкендері арқылы сату көзделіп отыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар серіктестікке тиесілі төрт жүз мың гектарда жақын арада ірі қараны бос жіберетін орын, жем азығы түйірлерін шығаратын шағын зауыт салу да жоспарда бар.
Облыс басшысы мұндай жақсы бастамаларға қашанда қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Мұнан соң облыс әкімі Амандық Баталов «Қызылшоқы» ЖШС-ның егіс алқабын аралады. Алқапта жиын-терін жұмыстары басталып та кеткен. Шаруашылық басшысы Ибен Машарбетов келген делегацияға жұмыстың жай-күйін баяндап берді. Жыл сайын мұнда гектарынан 24-25 центнерден өнім алынады. Бидайдан бөлек мұндағы 1500 гектар жерге арпа, зығыр өсіріліп отыр. Шаруалар облыс басшысына биылғы жылы мол жиналғалы тұрған өнімді өткізу мәселесіне жәрдемдесуді сұрады. Амандық Баталов сол жерде тиісті лауазымды азаматтарға осы мәселеге байланысты тапсырма берді. Комбайн және трактор жүргізушілерімен емен-жарқын әңгімелесіп, қиын да жауапты іс атқарып жүрген еңбектеріне ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ бұл күні «Арқарлы» шаруа қожалығының алқабында болып, шөп жинау науқанының барысымен танысты. Және «Ақбасов» ЖК-ның Сарыөзек кентіндегі ет комбинатына барып көрді.
Мұнда шұжық, сосиска, қысқа шұжықша, ұнтақталған ет дайындалып, облыстағы сауда орындарына жөнелтіледі. Комбинат бір күнде отыз ірі қараның етін өңдей алады. Комбинаттың ашылғаны жергілікті мал өсірушілерге тиімді болған. Олар мұнда бүгінге дейін алты жүзден астам бас мал өткізіп үлгеріпті. Ал кәсіпорын 17,5 тонна дайын өнімін саудалаған. Облыс әкімі сапарын қорытындылай келе, ұсақ шаруашылықтарды ірілендірудің тиімділігіне тағы бір тоқталып, кооперацияның Алматы маңында азық-түлік белдеуін дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрғындарды сапалы да тиімді бағадағы азық-түлікпен қамту мәселелеріндегі маңызын атап өтіп, осы бағытта тиісті органдарға тапсырмалар берді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары