- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов:Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны қабылдау барлық өңір үшін алға үлкен қадам болмақ
К.Мәсімов:Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны қабылдау барлық өңір үшін алға үлкен қадам болмақ
Премьер-Министр сыртқы саяси ведомстволардың басшыларына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшелеріне Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс айтты, деп хабарлады pm.kz.
Кәрім Мәсімов соңғы жылдары елдеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл едәуір жанданғанын айтып өтіп, «Каспий бестігі» аясындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қанағаттанатынын білдірді.
Кездесуге қатысушылар көп жақты серіктестіктің және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің өзекті мәселелерін талқылады.
«Каспий теңізі – біздің елдердің дамуының маңызды мәселелерінің бірі. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын қабылдау үшін өзара тиімді шешімге келеміз деген үміттемін. Бұл барлық өңір үшін алға үлкен қадам болмақ», - деді К.Мәсімов.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара достық түсіністікті одан әрі нығайтуға, барлық салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде Каспий теңізін үйлестірілген пайдалану, Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша дамытуға дайындықтарын білдірді.
Естеріңізге салсақ, Әзірбайжан, Иран, Ресей және Түркіменстанның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасы бойынша позицияны келісу үшін Астанаға келді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет