- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: ОҚО-да полиэтилен құбырын шығаратын зауытқа 50 адам жұмысқа орналасты
ИИДМБ: ОҚО-да полиэтилен құбырын шығаратын зауытқа 50 адам жұмысқа орналасты
Шолаққорған ауылындағы индустриялды аймақта орналасқан «Сырлы Созақ» ЖШС-нің «Пластмас қалдықтарынан шикізат өндіру және полиэтилен құбырын шығару» зауытының салатанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Исаев қатысып, жаңа өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі.
«2012 жылдан бастап жаңадан іске қосылатын шағын және орта кәсіпорындарды бір жерге шоғарландыру арқылы олардың инфрақұрылым (автожол, су, жарық) мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ауданда индустриалды аймақ құру мәселесі қолға алынып, 50 га жер телімі резервке қойылды.Қазіргі күнге дейін инфрақұрылым құрылысына жалпы 239,7 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталған», - деді аудан әкімі өз сөзінде.
Жоба құны 222,9 млн. теңге болатын полиэтилен құбырын шығаратын зауытта жергілікті 50 азамат жұмыспен қамтылды.
Ал кірпіші қаланған «UKO-S Star» металл құрастыру зауытының екінші жобасының құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталып, іске қосу жоспарлануда. Бұл зауытқа құны 337 млн. теңге болатын инвестиция тартылып отыр. Өндіріс орны техникалық май тасымалдауға арналған бөшкелер шығаратын болады. Жоба іске қосылған уақытта 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Айта кетейік, аталған индустриялды аймақта бүгінде уран өндіруші кәсіпорындарға арналған құрал жабдықтар шығаратын зауыт пен иодталған ас тұзы кәсіпорны мен металл құрастыру сынды 3 жоба жұмыс істеп тұр.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді