- Басты
- Жаңалықтар
- Берел қорғанында шыны саркофаг салынады (ФОТО)
Берел қорғанында шыны саркофаг салынады (ФОТО)
Шығыс Қазақстанда археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспары негізінде Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері, профессор Зейнолла Самашевтың басшылығымен Катонқарағай ауданындағы Патша жазығындағы қорғандарда қазба жұмыстары жүргізілуде.
№ 2 қорғанды зерттеу кезінде б.з.д. IV ғасырға жататын адам сүйектері мен құрбандыққа шалынған жеті жылқынын қалдықтары табылған. Адам ағаш кескіннің ішіне салынған бағанаға жатқызылған, оның қалдықтары әлі зерттелмеген.
Барлық жылқылар скифтік жануарлар тәсілімен безендірілген. Жеті аттың біреуі жерленген адамның жеке тұлпары болған сыңайлы. Өйткені, ол алтын әшекейлермен безендіріліп, ағаш кескінге ең жақын орналастырылған. Жылқылардың әбзелдерінде безендіруде қораз бейнесі қолданылған. Бұл ежелгі көшпенділер мәдениетінде сирек кездесетін жағдай. Зейнолла Самашевтың айтуынша, қорғанның қазба жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады және өзге жәдігерлердің табылуына әкелуі мүмкін.
Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде болып қайтқан облыс әкімі Даниал Ахметов №2 қорғанның үстінен шыны саркофагтың орнатылуы жөніндегі мамандардың ұсынысын қолдады. Бұл келушілерге көму шұңқырына түсіп, археологиялық құндылықтарды жақыннан көруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта ағымдағы жылдың қыркүйек айының басына дейін қажет құрылысты жүргізу үшін жақын арада 40 млн теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді.
- Біз бұл қорғандардың туристерді қызықтыратын жерге айналуын көздеп отырмыз. Қазір мұнда қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын уақытта қорған үстінен шыны саркофаг салынып, келушілер төмен түсіп, зерттеу жұмыстарының нәтижесін көре алатын болады, - деді Даниал Ахметов.
-
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Covid-19: «Спутник V» әсері, желідегі ақпараттар, вирус тасымалдаушыны анықтайтын мобильді қосымша -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды -
Қашықтан оқу үшін оқушылар компьютерді қалай және қайдан алады -
А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады -
Е.Тоғжанов: Карантин шараларын бұзғандарға айыппұл салынады -
Түркістан облысында тігін фабрикасы салынады -
Әрбір ипотекалық қарыз алушының өтініші жеке тәртіпте қаралмақ -
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында 9500 тұрғын үй салынады -
Шымкентте жылыжай кешені салынады -
Заңда ұйымдастырушы мен қатысушының құқықтары толыққанды қарастырылған – Ж.Каримова -
Қызылорда облысында 6400 тұрғын үй салынады -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)