- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ: Қазақстан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция мәселелерін шешу үшін барынша күш салады
ҚР СІМ: Қазақстан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция мәселелерін шешу үшін барынша күш салады
Сыртқы саясат ведомствосы басшысының айтуынша, бұндай форматтағы кездесу елімізде алғаш рет өтіп отыр. Сонымен қатар, бұл жиын Қазақстанда өтуі жоспарланған «Каспий бестігі» мемлекеттерінің Бесінші саммиті үшін аса маңызды кезең болып табылады.
«Арнайы жұмыс топтарында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу жөніндегі келіссөздер басталғалы 20 жыл өтіпті. Осы кезең аралығында барлық тараптар ауқымды жұмыстар атқарып, Каспий теңізінің құқықтық режиміне қатысты жекелеген элементтер келісілді. Айтарлықтай салмақты құқықтық базаға қарамастан, «Каспий бестігі» әртүрлі бағыттағы халықаралық келісімдерді дайындау қарқынын одан әрі үдетуге ниетті. Бұл құқықтық база ең бірінші кезекте құзыретті органдар арасындағы жекелеген бағыттар бойынша Каспий теңізінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге ведомствоаралық хаттаманы әзірлеу мәселесін қамтып отыр», - деді министр Е. Ыдырысов.
Оның айтуынша, аталмыш келісім негіздемелік құжат болып табылады. Әрі Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және құқыққа қайшы әрекеттермен күрес бойынша теңіз маңындағы мемлекеттердің өзара әрекеттестігі үшін құқықтық негіз қалыптастырады.
«Бұдан бөлек, бүгінгі таңда тараптардың қарауында келешек ынтымақтастықты дамытуға негіз болатын бірқатар маңызды келісімшарт жобалары жатыр», - деді СІМ басшысы.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады