- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ыдырысов: Астанада Каспий теңізінің қауіпсіздігі туралы конвенцияны талқылауды аяқтау жоспарлануда
Е. Ыдырысов: Астанада Каспий теңізінің қауіпсіздігі туралы конвенцияны талқылауды аяқтау жоспарлануда
«Қазақстанда осындай сала бойынша кездесу алғаш рет өтуде және «каспий бестігінің» бесінші саммитіне дайындықтың маңызды кезеңі келе жатыр және оны қазақстандық жерде өткізу жоспарланған. Арнайы жұмыс тобының аясында Каспидің құқықтық мәртебесін бірыңғайлау бойынша келіссөздер жиырма жыл бұрын басталған. Осы уақыт көлемінде тараптармен үлкен жұмыс атқарылды және Каспий теңізінің құқықтық режимі бойынша бөлек элементтерді келістіру жағынан айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Талқылау мен ой бөлісу барысында келіссөзге қатысқан қатысушылар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасы бойынша консенсусқа қол жеткізу жақындады»,-деді Е.Ыдырысов.
Министрдің айтуы бойынша, қатты құқықтық базаға қарамастан, «каспий бестігі» әрі қарай түрлі салалардағы халықаралық шарттардың даму қарқынын арттыруға ниетті.
«Бұл бірінші кезекте Каспий теңізінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша ведомствоаралық хаттамаларды дайындау.Каспий теңізінің қауіпсіздігі туралы келісім негіздемелік құжат болып табылады және ол құқықтық негізді құрады»,-деді Е.Ыдырысов.
Оның айтуы бойынша, осындай іс-қимылдың нақты тетіктері олардың ведомствоаралық хаттамаларымен шешіледі.
«Осындай жұмысты өткізу Астарахандағы саммитте еліміздің президентімен тапсырылды. Сонымен қатар, бүгінгі күні тараптарға бірқатар келісімдер қарастырылуға берілген. Алдын-ала келісімге сәйкес, бес жақты құжаттардың салалық жұмыс барысы біздің жиналысымыздың күн тәртібінде бекеттің бірі болады. Сөзсіз, біздің басты күшіміз Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жетілдіруге бағытталады. Бұл іргелі құқықтық құжат Каспий теңізінде өзара қатынастардың болашақ сәулетінің берік негізін қалауға бағытталған және бүкіл Каспий маңы аймағының тұрақты және орнықты дамуын қамтамасыз етеді»,-деді министр.
Оның айтуы бойынша, әмбебап халықаралық шарттарды жасау барысында іргелі сипаттағы белгілі бір мәселелер туындайды және ол жоғары деңгейде оны қарастырып, келісуді қажет етеді.
Оның айтуы бойынша, осындай мәселелр бойынша арнайы жұмыс тобымен жекеленген оқиғалар дайындалуда және ол алда болатын пікірталаста ымыра ретінде пайдаланылатын болады.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда