- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да «Бала кезден жемқорлықсыз» қоғамдық тыңдауы өтті
ШҚО-да «Бала кезден жемқорлықсыз» қоғамдық тыңдауы өтті
«Облыста 600-ден астам мектеп пен 200-ден астам балабақша бар. Аталмыш мекемелер республикалық және жергілікті бюджеттен қойылған нормаға сәйкес қаржыландырылады. Бөлінетін бюджет қаржысының көлемі айтарлықтай және аталмыш мекемелердегі жұмысшылардың басым көпшілігі жемқорлық бойынша құқық бұзуға барады. Бүгінгі таңда біз екінші жарты жылдыққа республикалық желілік іс-шара кестесін дайындадық. Оған ШҚО бойынша 2280 іс-шара кіріп отыр. Айлық аясында «Білім. Ғылым. Зияткер ұлт» білім мекемелерімен бірлесіп 374 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Желілік кесте шеңберінде «Бала кезден жемқорлықсыз» қоғамдық тыңдауы өткізіледі. Бұл жемқорлық құқықбұзушылық профилактикасы»,-деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының ШҚОФ төрағасының орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.
Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Чернышев білім саласы бойынша сараптамасымен сөз алды. Ол облыс прокуратурасымен бірлесіп, ЖОО мен орта мектептерде және балабақшаларда жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдері анықталғанын атап өтті.
Мәжіліс барысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары жемқорлыққа қарсы тұру үшін оқу мекемелерінің басшылары мектепке дейінгі мекемелерде жемқорлықтың пайда болмауымен күрес жүргізіп, профилактикалық мәселелерді жеке бақылауларына алулары қажет екенін атап өтті. Балабақшаларда ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінен ұсыныстар мен ескертпелерді жинайтын арнайы жәшік орнатылған. Ондағы түскен хаттарды партияның ШҚОФ өкілдерінен құрылған комиссия қарайтын болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма