- Басты
- Жаңалықтар
- Астана – Павлодар бағытындағы жолдың бір тармағы ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында пайдалануға беріледі
Астана – Павлодар бағытындағы жолдың бір тармағы ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында пайдалануға беріледі
ЭКСПО көрмесіне қарай жөнделуі тиіс жолдың бір тармағы Қалқаман – Баянауыл – Үміткер елді мекендерін байланыстырады.
«Қазіргі кезде бұл жобаны қайта құру жоспарына енгізу үшін оның техникалық-эономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Бұл жол туралы шешім осы жылдың аяғына дейін қабылданатын болады» , - деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов.
Аймақ басшысы атап өткендей халықаралық көрмеге дайындық шеңберінде жолдардың жағдайына ғана емес, жол бойындағы қызмет ошақтарына да көңіл бөлу қажет. Болат Бақауовтың пікірінше ЭКСПО-2017 туристік маршруттарының бойындағы барлық дәмханалар мен қонақ үйлерді қалыпқа келтіру қажет. Осыған байланысты ол жергілікті әкімдерге барлық нысандарды аралап, аталмыш мәселені бақылауға алуды тапсырды.
«Сонымен бірге, облысымыздағы барлық мұражайларды аудиогидтермен қамтамасыз ету керек», - деді әкім. «Жалпы мұражай гидтерінің дайындық деңгейі сын көтермейді. Мен соңғы кезде қаламыздағы тарихи-өлкетану мұражайында болғанымда олардың жұмыс сапасы көңілімнен шықпады».
Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесінің өңірлік маршруттарында туристік көрсеткіштер, үш тілдегі ақпараттық стендтер, билбордтар орнату, автотұрақтар мен биодәретханаларды құру мәселесі басты назарда тұр.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы