- Басты
- Жаңалықтар
- Арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған алғашқы кеме Оралдағы суға түсірілді (ФОТО)
Арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған алғашқы кеме Оралдағы суға түсірілді (ФОТО)
Ол Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін «Зенит» отандық зауытымен әзірленген. Жаңа кеменің негізгі арналуы айлақтық аймақта және теңіз экономикалық қызмет объектілерінің ауданында суасты диверсиялық күштерге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарын қамтамасыз ету.
Өзінің арналуына сәйкес тапсырмаларды орындау үшін кеме жауынгерлік жүзушілер мен оларды жеткізу құралдарының қозғалыс өлшемдерін анықтау, топтастыру және айқындау үшін аппаратурамен, сондай-ақ, заманауи байланыс және навигация құралдарымен жабдықталған. Катердің ұзындығы 13 м, ені 3,5 м, су алмасуы 12 тонна және тұнбасы 0,6 м құрайды. Оралда суға түсірілгеннен кейін катер зауыттық арқандап байлау, жүріс, қабылдау сынамаларынан өту және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісу үшін Каспийге ауыстырылып, жеткізіледі. Бүгінде Каспий өңірінің геосаяси және экономикалық координаталар жаһандық жүйесіндегі мәні ұлғаюда.
Ал Қазақстан Каспий маңындағы елдер секілді мұндағы өңірлік қауіпсіздіктің тұрақты жоғары деңгейін сақтап қалуға мүдделі. Осыған орай, мұндай жауынгерлік бірлікті пайдалануға беру еліміздің ӘТК үшін маңызды рөлге ие. Жаңа катер арсеналды толтырып қана қоймай, сонымен бірге, Әскери-теңіз күштерімен шешілетін тапсырмалардың шеңберін кеңейтуге, сондай-ақ, аталған әскер түрінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіріг уақытта Қазақстанның Әскери-теңіз күштері заманауи зымыран-артиллериялық корабльдерге, шағын күзет кемелері және катерлермен жабдықталғанын айта кеткен жөн. Аталмыш әскер түрі жылдан жылға біртіндеп дамып келеді. Әскери кадрларды даярлау деңгейінің артуымен бірге ӘТК қазіргі заманғы технологиялық қару-жарақ және әскери техникамен жарақтандырылуда.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті