- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясын әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысы өтті
Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясын әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысы өтті
Келіссөздерге Әзербайжан Республикасының (басшысы Х.А. Халафов), Иран Ислам Республикасының (басшысы Э. Рахимпур), Қазақстан Республикасының (басшысы З.А. Аманжолова), Ресей Федерациясының (басшысы И.Б. Братчиков) және Түрікменстан Республикасының (басшысы М.Г. Атаджанов) делегациялары қатысты. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі З.А. Аманжолова отырыста төрағалық етті.
Отырыстың ашылу барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов құттықтау сөзін сөйледі. Өз сөзінде Каспий маңы мемлекеттерініңСыртқы істер министрлері кеңесінің қарсаңында өтіп жатқан астаналық отырыстың маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жоспарланған Бесінші Каспий саммиті барысында қол қою үшін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны түбегейлі келісуге толық толық күш-жігерін салу қажеттілігін атады.
Отырыстың басты тақырыбы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасының келіспеген ережелері бойынша ортақ амал-тәсілдер мен тұжырымдамаларды әзірлеу және Каспий маңы мемлекеттерініңСыртқы істер министрлері кеңесіне дайындық болды.
Делегациялар келіссөздер қорытындысына оң баға беріп, кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасына алғыс айтты.
Арнайы жұмыс топтың келесі отырысы Иран Ислам Республикасында өтеді. Оның өту мерзімі дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі