- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов шаруаларды шығаратын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарын күшейтуге шақырды
К.Мәсімов шаруаларды шығаратын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарын күшейтуге шақырды
Осында ауыл шаруашылық құрылымдары басшыларының қатысуымен мал шаруашылығын дамытуға қатысты жиын өтті.
Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығының қазіргі ахуалы туралы, агробизнес өкілдері аталмыш саладағы өзекті мәселелер туралы баяндама жасады.
Талқылау барысында отандық кәсіпорындардың толық қуатымен жұмыс істеуіне, шығарылатын өнімдердің сапасын арттыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Премьер-Министрдің пікірінше елімізде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге және қайта өңдеуге әлеует жеткілікті. Бұл өз кезегінде отандық кәсіпорындардың толық қуатымен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлады pm.kz.
Осы орайда К.Мәсімов шаруаларды шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарын күшейтуге, заманауи технологияларды белсенді түрде меңгеріп, маркетинг қызметін жолға қоюға шақырды.
Талқылауды түйіндеген Премьер-Министр ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне осы жиында көтерілген барлық мәселелер мен ұсыныстарды, жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдаланып ауыл халқын жұмыспен қамту шараларын қарастыруды тапсырды.
Биылғы жылдың 1-қаңтарындағы есеп бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда республиканың барлық санаттағы шаруашылықтарындағы сиыр саны 2,5%, жылқы 6,8%, қой 1,0%, құс 1,7% өскен. Сондай-ақ ет өндірісі 3,4%, тауық жұмыртқасын өндіру 10,4% және сиыр сүтін өндіру 2,3% артқан.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
АШ: Отандық асыл тұқымды өнімнің бәсекеге қабілеттілігі арттырылады -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды -
С.Абаева: "Zan.bar" қосымшасы заңгерлер арасындағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді -
Ұстаздар күні: Мұғалім мәртебесін арттыру үшін қандай шаралар қабылданды -
Денсаулық саласы: Бюджет ашықтығы қалай/Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге қабілетті -
Қ.Тоқаев: Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті