- Басты
- Жаңалықтар
- «Жібек жолы» жаңа кемесі Қазақстанның құрғақ жүк флотын толықтырды
«Жібек жолы» жаңа кемесі Қазақстанның құрғақ жүк флотын толықтырды
Кемені суға түсіру салтанатына «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, РФ көлік министрінің орынбасары Виктор Олерский, Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қатысты.
Салтанатты шараға қатысушылар алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сөз сөйледі.
Ол аталмыш шараның Мемлекет басшысының тапсырмасымен атқарылып отырған - «Нұрлы жол» бағдарламасындағы жобаларды жүзеге асыру, ҚР құрғақ жүк флотын дамыту, Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін жетілдіруден туындаған маңызды мақсат екендігін атап өтті.
«Жаңа кеменің атын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек жолы» деп атауы да тегін емес. Өйткені, Қазақстан мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ даму стратегиясына орай, Каспий инфрақұрылымын жетілдіру мен теңіз флотын құру арқылы мультимодальдық тасымалдауды жиілетуге баса назар аударылып отыр»,-деп атап өтті А. Мамин.
2013 жылы құрылған «KTZ Express Shipping» кеме компаниясы сыйымдылығы 5 мың тонналық екі құрғақ жүк кемелерін сатып алғанды. Олар арқылы астық, металл өнімдері және басқа да құрғақ жүктер тасымалданады. Сондай- ақ, «өз-жүгіміз, өз -портымыз, өз флотымыз» тәртібін меңгерген.
Биылғы жылы флот екі «Жібек Жолы» және «Атамекен» жүк кемесімен толығады.
Биылғы жылы маусымда Загребеде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті А. Мамин мен «Ульяник» кеме жасау компаниясының Бас директоры Д. Росанда екі жаңа паром жасау келісім шартына қол қойды.
2020 жылдарға қарай құрғақ жүк тасымалдау флотын жиырмаға жеткізіп, Каспий айдынына Ақтау порты арқылы шығатын құрғақ жүктің 55 пайызын қамту көзделіп отыр.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру