• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Кан: Қазақстан БҰҰ ҚК құрамында әлемге бірлік пен тұрақтылықтың үлгісін көрсетуі керек

Г.Кан: Қазақстан БҰҰ ҚК құрамында әлемге бірлік пен тұрақтылықтың үлгісін көрсетуі керек

12 Шілде, 2016 17:16
Қазақстан БҰҰ ҚК құрамында әлемге бірлік пен тұрақтылықтың үлгісін көрсетуі керек, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында тарих ғылымдарының докторы, профсессор Георгий Кан.

«Геосаяси тұрақсыздық, лаңкестік мінездегі актілер, экстремизм – қоғамдағы қарым-қатынасқа аса назар аудартады. Мемлекеттер мен азаматтардың нақты ұстанымы белгілі болады. Қазақстанның БҰҰ ҚК  тұрақты емес мүшелігіне енуі бізге сенімділік пен біздің ұстанған бағытымыздың  дұрыстығын көрсетеді», - деді Г.Кан.

Профессор айтып өткендей, әлемдік қауымдастық бізге сенім білдірді. Осы орайда Қазақстан екі есе жауапкершіл болуы керек.

«Біз алдымен әлемге тұрақтылық пен бірліктің үлгісін көрсетуіміз керек. Қазақстан – ядролық арсеналдан бас тартқан ел, халықаралық қауіпсіздік туралы сөз қозғауға әбден лайық», - деді ол.

Оған қоса, профессор Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі  БҰҰ ҚК Қазақстанның таңдалуы орайында кеңінен таралуда. Аталмыш құжат елдің  қызметтік бағытын анықтайды.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар