• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында МЖӘ аясында энергия тиімділігі саласында жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда (ФОТО)

Ақтөбе облысында МЖӘ аясында энергия тиімділігі саласында жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда (ФОТО)

12 Шілде, 2016 18:29
Ақтөбе облысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткізілген жиналыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларыды іске асыру барысы, сонымен қатар, МЖӘ-нің жаңа перспективалы жобаларын іздестіру мәселелері талқыланды.

Қазіргі күні облыста МЖӘ-нің 18 жобасы іске асырылуда. Ағымдағы жылы барлық жобалар бойынша байқау процесі жасалуда, деп «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында хабарлайды.

Көбінесе, Ақтөбе облысында офтальмологиялық клиника, қалалық Жедел медициналық көмек стансасы, балалар тіс емдеу емханасы, Мұз айдыны, Облыстық мұражайдың жаңа ғимараты және тағы да басқа әлеуметтік нысаналар салынатын болады.

Б.Сапарбаев аймақта МЖӘ серіктестігінің жақсы жолда дамып келе жатқандығын атап өтті. Алайда, оның ойынша нәтиже одан да жақсы болуы ықтимал және ол үшін барлық жағдай жасалған.

«Мемлекет басшысы МЖӘ дамуына үлкен көңіл бөледі. Аталмыш механизм ұзақ мерзімге облыстық бюджеттен жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартады. Жалпы алғанда, МЖӘ іске асыру жақсы қарқынмен келе жатыр. Алайда оны одан әрі жақсартуға болады және ол үшін барлық жаңдайлар жасалған. Міндетті түрде түсіндірме жұмысын күшейту керек, яғни инвесторларға мемлекетпен ұзақ мерзімді серіктестікте қандай пайда алатындығы туралы түсіндіру керек»,-деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі сөз барысында жаңа перспективалы жобаларды іздестіру бойынша жұмысты күшейтуге тапсырма берді. 

Барлық жаңалықтар