- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкімет басшысы мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен айқындығын арттырудың маңыздылығын атады
ҚР Үкімет басшысы мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен айқындығын арттырудың маңыздылығын атады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчинов Кәрім Мәсімовке операциялық залдардың жұмысы туралы баяндап, тіркеу, көлік құралдарын есепке алу және жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету процесімен таныстырды.
Мамандандырылған ХҚО конференц-залында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелеріне қатысты жиын өтті. Мемлекеттік қызметтің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуына баса назар аударылды.
Кәрім Мәсімов жиынды қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен айқындығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Себебі аталған қызметтердің сапасына қарай халық Үкімет жұмысының тиімділігін бағалайды.
Премьер-министр өзінің твиттердегі парақшасында бұл жиынды «Президенттің 100 қадамының нақты жүзеге асуы»-деп атады.
Еске салайық, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызмет көрсетудің айқындығын қамтамасыз ету, қажетсіз әкімшілік кедергілерді азайту, талап етілетін құжаттар тізімін қысқарту мақсатында «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде құрылған.
Мемлекеттік корпорация төрт кәсіпорынды біріктіреді: халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік орталығы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық және жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері