Бас Прокуратура 180 жаңа қызметкерді жұмысқа алуға ниетті (БЕЙНЕ)

12 Шілде, 2016 15:43
Қазақстанның Бас прокуратурасы тиімді бәсекелістік бойынша еліміздің барлық облыстары бойынша жұмысқа жаңа 180 қызметкерді алуға ниетті, деп ҚР Бас прокуратурасындағы кадр жұмысы департаментінің бастығы Александр Огай Астанадағы баспасөз-конференциясында мәлім етті.

«Кеше ведомстволық кеңесте қызметке алу туралы хабарландыру ілінді. Бүгінгі күні бізде 180-нен астам бос орын бар. Конкурстар қалалар мен аудан прокуратурасында мәлім болады. Бұл жаңа шақырылғандарды үлкен көлемде жұмысқа қабылдау болады. Ол барлық облыс орталықтарында өтеді. Бұл орын ағымдағы бос орындардан жасалынды, оған қоса, екі ай ішінде қызметкерлерді қабылдау бойынша мораторий жасалынды, сол себепті басшылықпен кандидаттарды оңтайлы бағалау үшін механизмді табу бойынша тапсырма қойылды. Осындай жұмыс прокуратураға білімсіз қызметкерлердің келуін төмендету үшін жасалды. Біздің негізгі мақсатымыз – тиісті бәсекелестікті қамтамасыз ету, байқауда қатысатын кандидаттар санының көп болуы және солардың ішінен мықтысын таңдау. Осы себеп бойынша біз байқауды қазір жарияламаймыз, оны бір айға шегерудеміз, яғни сол уақыт аралығында қатысушылар дайындалып  үлгереді»,-деді А.Огай.

Департамент бастығы қызмет жасап жатқан жүйе алдын ала кезеңді ұсынатындығын айтты және ол жерде кандидаттардың заңнаманы білуге компьютерлік тестілеу; қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық, психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеу; ұлттық қауіпсіздік органдарының міндетті арнайы тексеріледі.

«Бұл кезеңнен әркім қазір өте алады, оған олар тек облыстың кез-келген прокуратурасының кадр қызметіне жүгінуі керек. Тек осы кезеңнен өткендер ғана байғауға қатысуға өтініш бере алады. Сол себепті Бас прокуратура байқауды тамыздың ортасында жариялауды жөн көрді. Сол уақытқа дейін барлық үміткерлер алдын ала кезеңді өтуге үлгереді. Біздің мақсатымыз – ашық байқау өткізу жәнен лайықты кандидаттарды таңдап алу. Сонымен қатар, іріктеудің ашық өткенін қалаймыз, яғни барлық болған жағдай БАҚ-та жарияланып отырады»,-деді ол.

Айта кетейік, байқау үшін бос орынның тізімі 2016 жылдың 1 тамыз айында жарияланады, ал 15 тамызда оны толтыру бойынша ресми түрде жарияланады.

Анар Тәңірқұлова

Бейне: Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар