- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпочта атақты қазақ ғалымдары мен ойшылдарына арналған почталық маркаларды айналымға енгізуде
Қазпочта атақты қазақ ғалымдары мен ойшылдарына арналған почталық маркаларды айналымға енгізуде

«Естелік және мерейтойлық күндер» сериялы пошталық маркасы «Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл» тақырыбында. Пошталық маркада көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткер, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және көшбасшысы, тұңғыш қазақ ұлттық Алашорда үкіметінің басшысы, ғалым, публицист – Әлихан Бөкейханов бейнеленген. Әлихан Бөкейханов өзінің бар өмірін қазақ халқының еркіндігі мен саяси дербестігі үшін күресуге арнады. Марканың номиналы – 5 теңге. Таралымы 2 500 000 дана, деп хабарлады компания.

«Естелік және мерейтойлық күндер» сериялы пошталық маркасы «Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл» тақырыбында. Пошталық маркада қазақтың көрнекті ағартушысы, жаңашыл-педагог және жаңа мектептер ұйымдастырушы, этнограф, ауыз әдебиетін жинақтаушы, ақын, прозашы, аудармашы – Ыбырай Алтынсарин бейнеленген. Пошталық марканың номиналы – «А» литерлі (121) теңге заңды тұлғаларға арналған 20 грамм салмаққа дейінгі қарапайым хаттарды жерүсті көлігі арқылы жіберуге арналған тарифке сәйкес келеді. Таралымы 2 500 000 дана.

«Естелік және мерейтойлық күндер» сериялы пошталық маркасы «Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл» тақырыбында. Пошталық маркада Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ғалым, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, Абайтану мен Шәкәрімтанудың ғылыми негізін қалаушы, қоғам қайраткері – Қайым Мұхамедханов бейнеленген. Қазақ ССР-ның (1945ж.) Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Пошталық марканың номиналы – «С» литерлі (218) теңге Қазақстан Республикасы аумағында жерүсті көлігі арқылы салмағы 20 граммға дейінгі тапсырысты хаттарды жөнелтуге арналған тарифке сәйкес келеді. Таралымы 2 500 000 дана.
Пошталық марканың басылымы офсеттік, 2 бояумен, шетіндегі ойықтар ирек тісті. Шығарылу түрі – маркалық бет. Бір бетте 105 марка. Беттегі марка өлшемі 26Х18 мм. Суретші – Сергей Маршев. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция