- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында денсаулық сақтау мен АӨК саласында 6 жоба ЖҚЖК аясында мемлекеттік қолдауға ие болды
Қарағанды облысында денсаулық сақтау мен АӨК саласында 6 жоба ЖҚЖК аясында мемлекеттік қолдауға ие болды
«Бизнестің жол картасы - 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алуға жазылған 6 өтініш қаралып, қанағаттандырылды.
Екі жоба денсаулық сақтау саласында жүзеге асып жатыр. Олар - құны 360,9 миллион теңге тұратын Қарағандыдағы «Olymp Medical Group» ЖШС аллергологиялық орталығы және «Эстель» пластикалық және қалпына келтіру хирургиясы клиникалар желісінің кеңеюі.
Аллергологиялық орталық Қарағанды облысында тұңғыш рет ашылғалы отыр. Аллергиялық белгілердің 14 түріне диагноз қою және емдеу қызметтерін көрсету жоспарланып отыр.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері «Эстель» клиникасы жобасының несие бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау түріндегі қолдау алуын мақұлдады. Берілген қаражатқа компания қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік беретін медициналық жабдықтар алған. Кәсіпорын басшылығының ақпараты бойынша, клиника мемлекеттік тапсыры аясында жұмыс істеуге ниеттеніп отыр.
2013 жылы компания «Бизнестің жол картасы - 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында қолдауға ие болған еді. Осының арқасында клиниканың жаңа стандарттап мен талаптарға сай жаңа ғимараты салынды.
Үйлестіру кеңесінің отырысында мемлекеттік қолдау алған тағы жоба Теміртаудағы 110 орындық қоғамдық монша салу жобасы болды. Басқа жобалар агроөнеркәсіп саласында, құрылыс материалдарын өндіру және сату саласында іске асырылып келеді.
Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы 43 жаңа жұмыс орнын ашып, 120 жұмыс орнын сақтап қалуға болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды