- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев пен Ч.Гаоли «Нұрлы жол» және «Бір белдеу - бір жол» жобаларының жүзеге асырылуын талқылады
Б.Сағынтаев пен Ч.Гаоли «Нұрлы жол» және «Бір белдеу - бір жол» жобаларының жүзеге асырылуын талқылады
Бұл кездесу Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қыркүйек айында Ханчжоу қаласына G20 Саммитіне қатысу үшін Қытайға барар сапарының қарсаңында болып тұр, деп хабарлады pm.kz.
Бақытжан Сағынтаев пен Чжан Гаоли Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған жаңа «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу – бір жол» бастамасының шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылуын талқылады. Бұл бастамалар екі ел арасындағы серіктестікке жаңа серпін береді.
Екі ел басшыларының екі жақты тауар айналымын 2020 жылға дейін 40 млрд АҚШ долларына жеткізуге қатысты қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары сауда-экономикалық серіктестікті әртараптандыру бойынша бірлескен Бағдарлама әзірлеп, онда сауда-саттық кедергілерін жою жөніндегі ережелерді қарастыруды ұсынды.
Сондай-ақ келіссөздер барысында инновациялық серіктестік мәселелері, ауқымды транспорттық жобалар шеңберіндегі, энергетика, ауыл шаруашылық саласындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.
Осы сапар аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Сиань қаласына барып, Шэньси провинциясының партком хатшысы Лоу Цзинцзянмен келіссөз жүргізіп, Қытай бизнесінің өкілдерімен кездесіп, жоғары технологиялар, аэроғарыштық әзірлемелер, биофармацевтика, АӨК саласындағы технологиялық орталықтар жұмысымен танысады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады