- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Жұмат: «Алаш» порталы мұнай-газ саласында қазақстандық қамтуды арттыруға көмектеседі
Н.Жұмат: «Алаш» порталы мұнай-газ саласында қазақстандық қамтуды арттыруға көмектеседі
«Алаш» жеткізушілердің мәліметтер базасы ТШО, КПО және НКОК ірі халықаралық мұнай-газ компанияларының тікелей қатысуымен ҚР энергетика министрлігінің бастамасымен құрылды. Ол 2012 жылдың қыркүйек айында «Бірлескен әрекет туралы Ақтау декларациясы» аясында жасалынды.
Оның айтуы бойынша, «Алаш» порталы Қазақстандағы мұнайгаз саласының 3 басты тараптарының мүдделері тоғысқан жер.
«1-тарап – мемлекет; ол 20 жыл бойы мұнайгаз жобаларында жергілікті үлесті арттыру бағытында мүмкіндіктер жасап келді. 2-тарап – тапсырыс беруші; білікті сенімді тауар және қызмет жеткізушілерін таңдау мәселесін жүйелі түрде шешуге мүдделі ірі мұнайгаз операторлары. 3 –тарап – тауар не қызмет түрлерін жеткізушілер; әлеуетті тапсырыс берушілерге тікелей шығу мүмкіндігін іздеген кәсіпкерлер. Осы 3 тараптың мүддесі бір жүйеде «Алашта» көрініс тапты»,-деді ол.
«Алаш» порталы мұнайгаз саласындағы сатып алу процесін едәуір жеңілдетіп, ашық ете түседі. Әрі бұл процестің жылдам жүруіне жағдай жасайды.
«Мұндай артықшылықтарынан бөлек, «Алаш» порталының және бір үлкен ерекшелігі: портал тапсырыс-беруші компанияларды жергілікті үлесті арттыру бағытындағы Үкімет тапсырмасын жүзеге асыруға бір табан жақындатады»,-деді ол.
Анар Тәңірқұлова
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды