• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімовке «СарыарқаАвтоӨндіріс» машина жасау кәсіпорнында отандық электромобиль таныстырылды

К.Мәсімовке «СарыарқаАвтоӨндіріс» машина жасау кәсіпорнында отандық электромобиль таныстырылды

12 Шілде, 2016 13:15
Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «СарыарқаАвтоӨндіріс» машина жасау кәсіпорнында болды.

Айта кетейік, автомобиль өнеркәсібі ел экономикасының дамуына зор үлес қосып отыр. Бұл салаға жалпы өңірлік өнімнің 11,3% пайызы тиесілі.

«СарыарқаАвтоӨндіріс» ЖШС  Қостанайдың ірі кәсіпорындарының бірі. Индустрияландыру бағдарламасы аясында  Ssang Yong автомобилін CКD-жинау әдісі арқылы NOMAD моделін әзірлейтін  қосымша кәсіпорын іске қосылды.

Кәсіпорынды аралау барысында Кәрім Мәсімов шығарылатын өнім тізімімен танысты, оның ішінде отандық электромобильдер де бар.

Қаңтар-мамыр айларында 1665 жаңа Peugeot (Франция), Toyota (Жапония), Ssang Yong (Оңтүстік Корея), JAC (Қытай) автокөліктері шығарылды. Олар қазақстандық нарықта сұранысқа ие.

Жақын арада JAC автомобилін дәнекерлеу жоспарлануда. Сондай-ақ, Премьер-Министрге автобөлшектерді шығаратын индустриялды аймақ таныстырылды.

AllurGroup директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев өндірісті кеңейту бойынша автоконцерннің жоспарымен бөлісті.

Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі таңда AllurGroup қытайлық CMC корпорациясымен ынтымақтастық орнатуда.

Тараптар шығарылатын көліктерді экспорттау әлеуетін қарастырады.

Оған қоса, кәсіпкер айтып өткендей, мемлекеттік дотацияның қажеті жоқ – бұл таза коммерциялық жоба. Алайда, Лаврентьев инвестициялық преференцияның қытайлық инвесторлар үшін сақталатынын айтты.

Сондай-ақ, К.Мәсімов «СарыарқаАвтоӨндіріс» негізінде астық жинайтын заманауи  Essil және New Holland комбайндарын жинайтын цехтің жұмысын тамашалады. Ел бойынша сегіз филиал жөндеу мен қызмет көрсетуді жүзеге асыруда.

Барлық жаңалықтар