- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық мұнайсервистік компаниялардың ТШО, КПО және НКОК сатып алуға қатысу мүмкіндігі пайда болды
Қазақстандық мұнайсервистік компаниялардың ТШО, КПО және НКОК сатып алуға қатысу мүмкіндігі пайда болды
«Бүгінгі таңда мұнай газ саласында сатып алу процесінің 70% жабық жағдайда өтеді. Одақ төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықовтың айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу көздерін 3 топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші «Қазмұнайгаз» компаниясының тобына кіретін жер қойнауын пайдаланушылар, олардың 2015 жылғы сатып алу көлемі – 160 млрд. теңгені құраған. Екінші топқа Теңізшевройл, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «NСОС» және «Маерск Ойл Қазақстан» компанияларының тұрақтандырылған келісім-шарттарына қатысты топтар кіреді, олардың былтырғы сатып алулар көлемі 988 млрд. теңгеге тең келді. Үшінші топқа, тауарлар, жұмыс және қызмет Реестрі арқылы сатып алуларға қатысатын өзге де жекелеген жер қойнауын пайдаланушылар кіреді, олардың өткен жылғы сатып алулар көлемі 208 млрд. тенгені құрады. Осылайша жер қойнауын пайдаланушылар сатып алу шараларының 70% екінші топқа жатады. Ал бұл топтың сатып алу процесі көпке жабық күйде өтеді»,-деді Р. Жақсылықов.
Қазіргі күні 237 жергілікті және 7 шетелдің компаниясы тіркелген. Шетелдік компаниялардың тіркелуі ақылы және шамамен 170 мың теңгені құрайды.
«Тіркеу жұмысы толығымен бос сипатқа ие, компаниялар тіркелмеуге де құқылы, алайда біз оларға тіркелуді ұсынамыз. Жалпы мұнайсервис нарығындағы жағдайды қарастыратын болсақ, ТШО, КПО және НКОК басқа, қалған компаниялардың құлдырауын көреміз»,-деді Алгоритми» компаниясының бизнесті дамыту директоры Марк Лойе.
Айта кететін жайт, «Алаш» мәліметтер базасында тіркелу процесі бірнеше сағаттан екі күнге дейінгі уақытты алады.
Анар Тәңірқұлова
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау