- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов Қостанай әуежайының қауіпсіздігін тексерді
К.Мәсімов Қостанай әуежайының қауіпсіздігін тексерді
К.Мәсімов әуежайдағы күту залын көрді, оған «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ директоры Юрий Ким дара ұшу-қону жолағының және аэровокзалдың қайта жөнделуі туралы баяндады.
Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Андрей Горват Премьер-Министрге Қостанай облысының аумағында республикалық жолдардың қайта жөнделуі мен құрылысы, Тобыл өзені арқылы өтетін көпірдің реконструкциясы туралы айтып берді. Өз кезегінде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ – «Қостанай жол бөлімі» директоры Ермек Темірбаев және облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк Қостанай темір жол бекетінің және қалалық автовокзалдың лаңкестікке қарсы қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуі туралы ақпараттандырды.
Бұдан соң К.Мәсімов аэровокзалдың тексеруге дейінгі зонасын аралап, аэровокзал кешенінде жолаушыларды, олардың қол жүктерін, жолжүктерін, поштаны және жүктерді тескеру кезінде қолданылатын жабдықтарды көрді.
Қостанай қалалық әуежайы 1964 жылы пайдалануға берілген. Онда әуежай кешені, аэровокзал, аэродром, авиатехникалық база, жерүсті техникасы және қажетті басқа да жабдықтар қамтылған.
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері -
Ядролық қарусыз әлeм жoлындағы көшбaсшылық және мемлекет қауіпсіздігін нығайту -
Қостанай облысының әкімі: Стационарларда дәрі-дәрмек жеткілікті -
Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды -
«Қостанай-Су» МКК әкімшілік жауапкершілікке тартылды -
NQZ: Нұр-Сұлтан әуежайының коды өзгерді -
А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
-
Р.Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді -
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді -
Қостанай облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады -
А.Мамин Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді