• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның 12 мыңнан астам шаруасына несие корпорациялары есебінен қолдау білдірілді

Қазақстанның 12 мыңнан астам шаруасына несие корпорациялары есебінен қолдау білдірілді

12 Шілде, 2016 12:08
Белгілі болғандай, ауыл шаруашылық тауарын өндіруші несие серіктестіктері шалғайдағы аудандардағыларға да өз бизнестерін дамытулары үшін қаржы бере алады. Қазақстанда соңғы 15 жылда республикадағы жалпы саны 12 мың 400 ауыл шаруашылық тауарын өндіруші 163 ауданда 176 несие серіктесі құрылған, деп хабарлады «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Сейсенбаев ҚР АШМ өткен брифингте.

«Қазақстанда соңғы 15 жылда республикадағы жалпы саны 12 мың 400 ауыл шаруашылық тауарын өндіруші 163 ауданда 176 несие серіктесі құрылған. Осыған орай, несие серіктестері арқылы тек өсімдік шаруашылықтарын, мал шаруашылықтарын ғана емес, сонымен қатар, ауылдағы ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті де қаржыландырады» ,-деп хабарлады Н.Сейсенбаев.

Корпорация тарапынан серіктестік құрамына қатысушыларды қабылдау барынша жеңілдетілген және несие серіктестеріне толық басқару берілген.

«Соңғы 3 жылда несие серіктестігіне қатысушылар саны 83,7% артты және серіктестік өзіне 44,4 мың жұмыс орынын біріктіреді»,-деді ол.

Жүйеге сенім деңгейін арттыру мақсатында және серіктестердің қызметінде өз көрсеткіштерін жақсартуға ынталандыру үшін Корпорация несие серіктестері үшін олардың несиені игеру мен айқындау әдістемесін әзірлеген.

Бұл серіктестердің Корпарацияның қаиысуынсыз шаруаны несиелеуде өз еріктерімен шешім қабылдауларына құзірет береді.

«Биылғы жылдың 5 шілдесінде несие серіктестерінің өз құзіреттерін пайдаланып, жобаны жүзеге асырулары үшін 29,3 млрд. теңге бөлінді», - деп атап өтті ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар