- Басты
- Жаңалықтар
- Польшада өткен саммитте бітімгершілік бөлімшелерді даярлау және олардың НАТО елдерінің ҚҚ үйлесімділігі талқыланды (ФОТО)
Польшада өткен саммитте бітімгершілік бөлімшелерді даярлау және олардың НАТО елдерінің ҚҚ үйлесімділігі талқыланды (ФОТО)
Отырыс НАТО саммиті шеңберінде өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаровтың басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы да қатысты.
«Бүгінгі күні қазақстандық армияда бітімгершілік бөлімшелерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Шетел мемлекеттері Қарулы Күштерінің тиісті бөлімшелерімен тәжірибе алмасу және бірлесіп практикалық өзара іс-қимыл жасау үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жыл сайын «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуын өткізеді», - делінген хабарламада.
Аталмыш оқу-жаттығу Ұлыбритания, АҚШ және НАТО-ның өзге де елдері және серіктес елдермен 2003 жылдан бастап Қазақстан мен шетелдің әскери полигондарының аумағында өтеді. Қазіргі уақытта «Дала қыраны» оқу-жаттығуы Орта-Азиялық өңірдің қарулы күштерімен НАТО мемлекеттерінің өзара іс-қимылын ұстап тұрудың пәрменді құралы болып табылады.
Қосымша қорғаныс министрлерінің отырысы аясында қазақстандық делегация қорғаныс ведомстволарының өкілдерімен, оның ішінде, Әзірбайжан, Армения, Ирландия Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс министрлері, Польша Қорғаныс министрлігі мен Оңтүстік Корея қарулы күштері штабтар бастықтарының біріккен комитеті басшылығымен, НАТО жанындағы Жапонияның өкілімен бірқатар кездесулерге қатысқанын айта кеткен жөн.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы