• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК «бір терезе» тетігін дамыту аясында 2016 жылы атқаратын жұмыстарының ретін анықтады

ЕЭК «бір терезе» тетігін дамыту аясында 2016 жылы атқаратын жұмыстарының ретін анықтады

12 Шілде, 2016 15:24
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі «бір терезе» тетігі дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2016 жылы іс-шара жоспарларын бекітті. Бұл жүйеде Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттерінің сыртқы экономикалық қызметі реттелмек.

Жоспарға сәйкес, 2016 жылы іс-шараларға дайындықты аяқтап, кезең-кезеңімен дайындауға көшу жоспарлануда, деп хабарланды Комиссиядан.

ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп «бір терезе» тетігінің бүгінгі ұлттық даму жағдайының қортынды сараптамасы бойынша елдік тұрғыда бекітуге дайындауда. «Бір терезе» тетігі ұлттық моделінің сәулеттік этолоны мен қызметін толығымен айқындау көзделген.

Сонымен қатар, «бір терезе» ұлттық дамуға жақындау бойынша бірқатар іс-шараларды орындау жоспарлануда. Жүргізілген сараптама нәтижесімен қоса, сыртқы экономикалық қызмет үшін ең қажетті электрондық коммерция, бірегейлендіру мен үйлестіру мәлімдемелі бойынша жұмыстарды жалғастыру сияқты басым бағыттар анықталды.  

Барлық жаңалықтар