• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін автокөлікке арналған техникалық регламенттерге қойылатын талаптарды жеңілдетеді

ЕЭК мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін автокөлікке арналған техникалық регламенттерге қойылатын талаптарды жеңілдетеді

12 Шілде, 2016 11:32
Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі (ЕЭК) «Дөңгелек көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеңестің техникалық регламентіне өзгерістер енгізуді мақұлдады.

ЕЭК баспасөз қызметінде хабарлағандай, бұл жерде жеңіл автокөліктерді міндетті автоматтық трансмиссиямен жабдықтау бойынша «дөңгелектік» техрегламент талаптарының ерекшелігі туралы айтылған.

 

Сонымен қатар, автоматты трансмиссияны міндетті жабдықтау мен конструкцияларына өзгерістер енгізу кезінде транспорттық құралды пайдалануға бергенде тежеу жүйесін жабдықтау бойынша талаптар жойылады.

Бұл жеке көлік құралдарын қайта жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін көлікке бағаны төмендетуге мүмкіндік береді. 

Барлық жаңалықтар