- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облыстық соты мен облыс әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қостанай облыстық соты мен облыс әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қол қою рәсіміне облыс әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, сонымен қатар облыстық соттың судьялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Меморандум дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамытуды белсенді енгізу, ақпараттық технологияларды сот өндірісінде кең қолдану, сонымен қатар алқабилерге кандидаттардың тізімін қалыптастыру саласында өзара ынтымақтастық мақсатында жасалды.
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағаннан бастап 2011 жылдан 2016 жылғы маусымға дейін облыс соттарында қылмыстық істер бойынша - 3 147, азаматтық істер бойынша - 2 169, әкімшілік істер бойынша 2 824 медиативтік келісімдер бекітілген.
Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев бітімгершілік шараларын кең қолдану саласында жасалып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары туралы айтып берді. Ауылдық әкімдіктердің жанында сот медиациясы кабинеттері мен пункттері ашылып жатқаны, облыстық соттың ардагер судьяларының, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ішінен медиаторлар тобы құрылғаны сөз болды.
Сот төрағасы айтқандай, көп жағдайда медиация бітімгерші-судьяның қатысуымен қолданылады, ол өте тиімді жол.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов бітімгершілік рәсімдерінің арқасында сот дауларының саны азаюда, ал азаматтар дауды бейбіт жолмен шешуде деп атап көрсетті. «Осы бағытта атқару және сот органдары ғана емес, сонымен қоса қоғам да жұмыс істеу керек, БАҚ медиация институттарын үгіттеу керек. Осы мақсатта іс-шаралар жоспары бекітілген» -деді.
А.Мерғалиев облыстың барлық Сот корпусы атынан әкімге қоғамның пайдасына біріккен жұмыстарды қолдағаны үшін алғыс айтты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері