Ақтөбеде Литваның құрметті консулдығы ашылды

12 Шілде, 2016 09:32
Ақтөбеде Литва Республикасының құрметті консулдығы ашылды.

Оның ашылуы туралы ұсыныс 2016 жылдың наурызында өткен «Ақтөбе: инвестиция - даму» Дипломатиялық бизнес-клубы аясында айтылған еді.   Оған аймақ әкімдігінің бастамашы болған және ҚР СІМ қолдау көрсеткен. Ақтөбе облысындағы Литваның құрметті консулы «Рамазан» ЖШС бас директоры Орынбасар Мусин болды.

Литва – Ақтөбе облысында өз консулдығын ашқан үшінші еуропалық ел. Мұның алдында Чехия мен Венгрияның құрметті консулдықтары ашылған болатын. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Құрметті Консулдықтың жұмысы алдағы уақытта іскерлік байланыстарды кеңейтіп, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты белсенді дамытатынын айтты, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев литваның сыртқы істер вице-министрі Мантвидас Бекяшюс бастаған Литва Республикасының делегациясымен кездесті. Кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Литва арасындағы суда-экономикалық және гуманитарлық өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі қазіргі уақытта аймақ пен Литва арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. 2016 жылдың бес айының қортындысы бойынша, тауар айналым 16,5 млн. долларды құраған.  

Б.Сапарбаев жергілікті атқарушы билік алдындағы негізгі міндеттердің бірі шетелдік капиталды тарту екенін хабарлады. 

Барлық жаңалықтар