- Басты
- Жаңалықтар
- С.Кулагин: Тұрақтылық пен бірлік - біздің елдің ең үлкен байлығы
С.Кулагин: Тұрақтылық пен бірлік - біздің елдің ең үлкен байлығы
Облыстық Ассамблея сессиясының жұмысына этномәдени және діни бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік орган өкілдері, саяси партиялардың облыстық және қалалық мәсихат депутаттары қатысты.
Сессия жұмысын ашқан Ақмола облысының әкімі – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы С.Кулагин тұрақтылық пен бірлік – біздің елдің ең үлкен байлығы, деп атап өтті.
«Қазақстандық бірлікті бекемдеу жұмыстары Қазақстан халқы Ассамблеясының төңірегінде жасалуда. Мемлекет басшысы 2025 жылға дейінгі Ассамблеяны дамыту Тұжырымдамасында қазақстандық бірлік пен бірегейлікті дамыту мен нығайту Тұжырымдамасын бекітті. Дәл осы құжат мемлекеттік этносаяси вектор мен жақын онжылдықтағы Ассамблеяның негізгі дамуына серпін береді. Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық бірлік пен келісімнің сақталуына айтарлықтай үлес қосуда. Облыстық Ассамблея жанында ғылыми-сараптамалық орталық, аналар Кеңесі, журналистер клубы, жастар мен балалар қауымдастығы, халық шығармашылығы, сонымен қатар, тіл мектептері сәтті жұмыс істеуде. Өткен жылдарда ақмолалық Ассамблея республикадағы бастамашыл және белсенді ұйымдардың бірі болды»,-деді әкім.
Сессия қортындысы бойынша Ақмола облысының тұрғындарына «Үндеу» қабылданды. Онда ішкі тұрақтылыққа аса мән берілген және ақмолалықтардың бұдан әрі де осы ұстанымдарын жалғастырып, өз Отандарының болашағын бірге құруға шақырған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек