• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі СҚО-ның машина жасайтын кәсіпорындарының өндіріс барысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі СҚО-ның машина жасайтын кәсіпорындарының өндіріс барысымен танысты

11 Шілде, 2016 18:39
Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «ҚазТехМаш» машина жасау зауыты» ЖШС аралап, кәсіпорын аумағындағы техниканы көрді, деп хабарлады pm.kz.

Сонымен қатар Кәрім Мәсімов кәсіпорынның өндірістік цехына барып, өндіріс барысымен танысты.

Аймақ әкімі Ерік Сұлтанов Кәрім Мәсімовті облыстағы машинажасау кәсіпорындарының:  «Авагро» ЖШС, «Петропавл трактор зауыты» ЖШС, «ҚазТехМаш» ЖШС, «Петропавл ауыр машинажасау зауыты» АҚ өнімдерімен таныстырды.

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов «Құрамында қалайы бар кендерді қайта өңдейтін «Сырымбет» тау-кен байыту кешенінің құрылысы» Кәсіпкерлікті қолдау картасымен танысты.

Бұл жобаның мақсаты - Орталық Азияда алғаш рет аса тиімді технологияны қолданумен, ең үздік экологиялық стандарттарды ескере отырып қалайы өндірісін ашу. Жоспарланып отырған өндіріс көлемі – жылына 6 050 тонна қалайы металы.

Өндіріс орнының құрылысы кезінде 100-ге жуық жұмыс орны, ал өндіріс іске қосылған соң 700-ден астам жұмыс орны ашылады. Жобаның шамаланған жалпы құны - 20 млрд. теңгеден астам.

Еске салайық, 2016 жылы облыста өнеркәсіптік өнімді шығару көлемі 2015 жылғы 5 аймен салыстырғанда, 66,6 млрд. теңгені немесе 100,4% құрады.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар