• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Әшімбаев: ҚР Парламенті экстремизм мен терроризмге қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң жобасымен жұмыс істейтін болады

М.Әшімбаев: ҚР Парламенті экстремизм мен терроризмге қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң жобасымен жұмыс істейтін болады

11 Шілде, 2016 19:14
Алтыншы шақырылымның екінші сессиясы аясында Қазақстан Парламенті экстремизм мен терроризмге қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң жобасымен жұмыс істейтін болады, деп ҚР Мәжіліс Парламентінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.

«Қыркүйек айында Парламенттің жаңа сессиясы аясында біздің алдымызда экстремизм мен терроризмге қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң жобасымен жұмыс істеу басты тапсырма болады. Сіздер білесіздер, қауіпсіздік кеңесінде Мемлекет басшысы еліміздің қауіпсіздігін нығайту, біздің азаматтардың қауіпсіздігін жасау  бойынша бірқатар қосымшалар дайындауға тапсырма берді және осыған орай, Үкімет тиісті құқық қорғау органдарымен біз күтіп отырған қосымшалар пакетін әзірлеу үстінде»,-деді депутат.

Естерінізге сала кетейік, 2016 жылдың 10 маусым айында Астана қаласында ҚР қауіпсіздік кеңесі өтті. Мемлекет басшысы ҰҚК базасында ведомствоаралық топ жасауға тапсырма берді және «Терроризммен күрес туралы» заңына өзегерістер мен қосымшалар енгізу туралы елімізегі құқық қорғау органдарының ұсыныстарын қарастырады. Өзгерістер мен толықтырулар енгізудің мақсаты - экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыру.

Қазіргі күні ІІМ полиция қызметкерлерінің өкілеттігін кеңейту үшін ұсыныстар дайындауда.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар