- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да биыл 1,7 млрд теңгенің 2 астық қоймасын ашу жоспарланған - ҚазАгро
СҚО-да биыл 1,7 млрд теңгенің 2 астық қоймасын ашу жоспарланған - ҚазАгро
Өткізілетін шараның шеңберінде өсімдік шаруашылығы саласын дамытудың жағдайы мен перспективасы талқыланатын болады. Кеңес жұмысына «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басшысы, сондай-ақ Холдингтің құрамындағы барлық даму институттарының өкілдері қатысады.
«ҚазАгро» ұлттық холдингінің Солтүстік-Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) 2015-2016 жылдар ішіндегі қаржыландыру көлемі 96 млрд.теңгені құрайтынын атап өту қажет (2015 жылы - 57,5 млрд. теңге; 2016 жылдың 5 айында – 38,66 млрд. теңге).
Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша Холдингтің инвестициялық қоржынында құны 19,3 млрд.теңгенің 54 жобасы бар, пайдалану кезеңіндегі құрылатын жұмыс орнының саны 1076 орын. Бүгінгі таңда оның ішіндегі құны 17,64 млрд.теңгенің 52 жобасы пайдалануға берілді, 1048 жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы жалпы құны 1,7 млрд.теңгенің 2 жобасын іске қосу жоспарланған. Әңгіме екі астық сақтау қоймасының іске қосылуы туралы: Тайынша қаласындағы «Classic agro» ЖШС, сыйымдылығы 15 мың тонна, сондай-ақ Ғ. Мүсірепов атындағы аудандағы "АФ Приишимский" ЖШС-нің сыйымдылығы 6 мың тонналық астық қоймасы. Нысандар «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша қаржыландырылды.
Холдингтің басқа еншілес компаниясы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы облыста өткен жылы және ағымдағы жылдың 5 айында жалпы сомасы 5 млрд.теңгеден астамға 11 Несие серіктестіктері қаржыландырылды. Осы кезең ішінде «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 804,0 млн.теңгеге 4460 ірі қара мал (ІҚМ) басын сатып алуға 82 АШТӨ қаржыландырылды. Өткен жылғы Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша ірі қара мал сатып алудың жоспары 107%-ға орындалғанын атап өтуге болады.
Жоғарыда аталған кезең ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының желісі бойынша аймақтағы шағын агробизнесті қолдауға 3,6 млрд.теңгеден астам сомаға 471 шағын несие берілді. Шағын несиенің негізгі бөлігі Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020 бағдарламасы бойынша беріледі.
Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қолдау шеңберінде «ҚазАгро» холдингінің компанияларымен Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы 22,8 млрд.теңге сомасына ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің 271 өтінімі қаржыландырылды. 2016 жылғы шілде айының басындағы мәлімет бойынша 5,5 млрд.теңге сомасына 192 бірлік ауылшаруашылық және арнаулы техникаларды сатып алуға шарттар жасалды.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері