- Басты
- Жаңалықтар
- ҰЭМ вице-министрі Шанхайдағы G20 Сауда министрлерінің кездесуіне қатысты
ҰЭМ вице-министрі Шанхайдағы G20 Сауда министрлерінің кездесуіне қатысты
Айта кетейік,«Жиырмалық тобы» («The Group of Twenty» / G20) немесе «Үлкен жиырмалық» - бұл әлемнің жетекші экономикаларын 19 елді және Еуропалық одақты қамтитын халықаралық форум болып табылады. G20 әлемнің жалпы 90% ЖІӨжәнеәлемдік сауданың 80%, сондай-ақәлем халқының
2/3 бөлігін қамтиды.
G20 1999 жылы әлемнің дамыған жетекші және дамушы экономикалары арасында қаржылық және экономикалық саясат, халықаралық қаржылық тұрақтылықты ынталандыру мен ұжымдық шешімдер қабылдау мәселелерін зерделеу және консультациялар жүргізу мақсатында құрылған болатын.
Кездесудің күн тәртібіңде G20 сауда тетіктерін және инвестицияларды нығайту, көпжақты сауда жүйесін қолдау, инвенстициялық саясат аясында ғаламдық сауданы өсіруге ықпал ету мен ғаламдық ынтымақастықты үйлестіру, инклюзивті (кеңінен қамтитын) және үйлесімді ғаламдық құн құрау желісін ілгерілету, сондай-ақ G20 Сауда және инвестициялар бойынша жұмыс тобының баяндамалары тыңдалды.
Айтылған кездесудің алдында 2016 жылғы 6-7 шілдеде Шанхай қаласында G20 Сауда және инвестициялар бойынша жұмыс тобының отырысы өткізіліп, онда G20 Сауда министрлерінің кездесуінің қорытынды құжаттарының жобалары бекітілді.
G20 Сауда министрлерінің кездесуіне қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Скляр Роман Васильевич басқарды.
2016 жылғы қаңтардан бастап G20-ғы төрағалық Түрік Республикасынан Қытай Халық Республикасына (ҚХР) өткізілген болатын. ҚХР-ның төрағалығы кезеңінде G20 алаңында Қытайда және одан тыс жерлерде бірқатар іс-шарлар өткізу жоспарланған және осы эстафетаның қорытынды мәресі 2016 жылғы 4-5 қыркүйекте Ханчжоу (Чжэцзян провинциясы) қаласында өткізілетін G20 Мемлекет басшыларының саммиті болады. G20 қорытынды іс-шарасына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы шақырылған.
Үстіміздегі жылы Қазақстан G20 мәжілістеріне шақырылған ел екенін ескеру қажет.
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды