- Басты
- Жаңалықтар
- Жоғары Сот судьялары Қазақстандағы сот төрелігін жетілдіру туралы семинарға қатысты
Жоғары Сот судьялары Қазақстандағы сот төрелігін жетілдіру туралы семинарға қатысты
Аталмыш жоба NI-CO халықаралық ұйымымен, Ұлыбритания Министрлігімен, Нидерланд пробация қызметімен және Сот жүйесі және мемлекеттік прокуратура ұлттық мектебімен (Польша) жүзеге асырылады.
Тренингтің негізгі мақсаты судьяларды белсенді топтарда сабақ беруде қажетті дағдыларға, ересек аудиториямен жұмыс істеу ерекшеліктеріне үйрету болды.
«Аталмыш іс-шараның өзектілігі мен уақтылылығы Жоғары Сот судьяларының көбі Жоғары Сот жанындағы Әділсот академиясында өткізілетін судьялардың біліктілігін арттыру курстары шеңберінде сабақ беру үдерісіне, сонымен қатар мамандандырылған магистратурада болашақ судьяларды даярлау үдерісіне жұмылдырылғанымен түсіндіріледі», - делінген хабарламада.
Тренинг барысында халықаралық сарапшылар, кәсіби оқыту жөніндегі кеңесшілер Томас Паттерсон мен Стивен МакКракен қатысушыларды ересектерге сабақ берудің психологиялық ерекшеліктерімен таныстырды, жаттықтырушы жұмысының дағдыларын, сабақ беру стильдеріне, өзін өзі ұстау әдіс-тәсілдеріне үйретті.
Тренинг қатысушылары нақты оқу сабағының мақсаттарын құруды, тиісті көрнекті құралдардың, материалдар мен жабдықтардың көмегімен сабақ жоспарын әзірлеуді, сабақтарды интерактивті режимде өткізуді және конструктивті кері байланысты қамтамасыз етуді үйренді.
Тренинг барысында алынған құзыреттіліктер сабақ беруге қажетті кәсіби білім мен дағдыларды дамытуға септігін тигізеді.
Тренинг аяқталғаннан кейін судьяларға тиісті сертификаттар берілді.
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты