- Басты
- Жаңалықтар
- 12 елдің мергендері мен артиллерияшылары армия ойындарында қазақстандық қару-жарақ және техникамен өнер көрсетеді (ФОТО)
12 елдің мергендері мен артиллерияшылары армия ойындарында қазақстандық қару-жарақ және техникамен өнер көрсетеді (ФОТО)
«Мерген шебі» және «Артиллериялық атыс шеберлері» байқаулары үшін Драгуновтың мерген винтовкасы, 120 мм 2Б11 минаатқышы және көп нысаналы жеңіл броньдалған тартқыш (КЖБТ) белгіленді.
Талаптарға сәйкес байқауда командаларға техникалық сипаттамалар бойынша үлгілер бекітілген үлгілерге баламалы болған жағдайда өзінің қару-жарағы мен әскери техникасын пайдалануға рұқсат етілген. Осыған орай, Ангола, Армения. Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, ОАР-дан келген 12 команда, оның ішінде, біздің әскери қызметшілер қазақстандық тараппен ұсынылған әскери техника және қару-жарақпен жарыстарға қатысатын болады.
Байқауларға өзінің қару-жарағы және техникасымен тек қана Ресей қатысады. Себебі, дәл сондай үлгілері бар. Армия халықаралық ойындары шеңберіндегі байқаулар Қазақстанда алғаш рет өтетінін естеріңізге сала кетейік. Үздік мергендер мен артиллерияшылардың бәсекеге түсіп, бақ сынасатын жері «Гвардейск» оқу-жаттығу полигоны болмақ. Екі байқауды өткізу үшін ол жерде қажетті инфрақұрылым дайындалып қойылды. Артиллерияшылар байқауы үшін кедергілері бар ұзындығы 2 шақырым тас жолдар.
Мергендер байқауы үшін мерген винтовкасынан, тапаншадан оқ ату және гранаталар лақтыру үшін барлаушының соқпақ жолы мен шептерінің элементтері бар тас жол. Армия халықаралық ойындары Қазақстанның аумағында 2 тамызда басталады. Бүгінгі күні 13 қатысушы ел қатысуға ниет білдіріп отыр. 8 мемлекет, яғни, Аустрия, Алжир, Германия, Израиль, Куба, Намибия, Мьянма Одағы, Сауд Арабиясы Қазақстанға өздерінің бақылаушыларын жіберуге әзір.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер