• Басты
  • Жаңалықтар
  • АШМ: 2,6 млн дана бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтары Жайық өзеніне жіберілді

АШМ: 2,6 млн дана бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтары Жайық өзеніне жіберілді

11 Шілде, 2016 16:09
2,6 млн.дана бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтары Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының өсіру тоғандарынан Жайық өзеніне жіберілді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Оның ішінде 900 мың данасы бекіре шабағы және 1,7 млн. дана шоқыр шабағы.

ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық қорын қалпына келтіретін кәсіпорындары жыл сайын «Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқару, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 168,4 млн. дана құнды балық түрлерінің шабақтарын  жасанды өсіріп әрі қарай табиғи мекен ету ортасына жібереді.

Балық шабақтарын өсіру биотехнологиясына сәйкес құнды балық түрлерінің шабақтарын өсіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

 

Барлық жаңалықтар