- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысына өңіраралық кооперация аясында 500 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері жеткізілді
Ақтөбе облысына өңіраралық кооперация аясында 500 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері жеткізілді
Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында өңіраралық кооперацияны дамыту бойынша Ақтөбе облысының басшылығымен Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарының басшылары арасында тығыз байланыс орнатылған. Бұл жұмыстар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік өнеркәсіп, білім мен денсаулық сақтау бағыттары бойынша жүргізілуде, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.
Оңтүстік аймақтардан тікелей жеткізілгеннің арқасында жеміс, көкөніс, ет, күріш және тұз сияқты өнімдердің бағасын 10-нан 40 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік болды. Жыл басынан бері Қызылорда облысынан келісі 220 теңгелік 88 тонна күріш 150 теңгеден жеткізілген. 64 тонна «Арал тұз» тұзы келісі 37 теңгеден саудаланған. Қостанай облысынан 40 тонна ұн, 40 тонна сиыр еті, Жамбыл облысынан жеткізілген 80 тонна сәбіз келісі 45 теңгеден берілген. Сонымен қатар, 35 теңгеден 70 тонна пияз, 50 теңгеден 20 тонна қырыққабат жеткізілген. ОҚО-да осылай бақша өнімдерін жеткізуде.
Барлық аудандарда көрші аймақтардан азық-түлік тауарларын тікелей жүзеге асыратын аудандық операторлар белгіленген. Олар халыққа нарық бағасынан 15–20% арзан тауарларды жеткізумен айналысады.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары