• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚазАгроҚаржы ауыл шаруашылығы техникасының сатып алу үшін 1,5 млрд ресейлік рубльді тартты

ҚазАгроҚаржы ауыл шаруашылығы техникасының сатып алу үшін 1,5 млрд ресейлік рубльді тартты

11 Шілде, 2016 10:34
«ҚазАгроҚаржы» АҚ қазақстандық аграршылар үшін ауыл шаруашылығы техникасының жеткізілімдерін қаржыландыру мақсатында Еуразиялық даму банкісінен 1,5 млрд. Ресей рублін тартты.

Тұтас алғанда, Еуразиялық Даму банкі (ЕАБР) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына 1,5 млрд. рубль сомасына кредит желісін берді. 2016 жылғы 29 маусымда «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Сейтқасымова мен Еуразиялық даму банкісінің активтер мен пассивтер жөніндегі Басқарушы директоры Дмитрий Ладиков-Роев тиісті шартқа қолдарын қойды, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

Қаражат бірінші кезекте ЕАДБ қатысушы мемлекеттерінен Қазақстан Республикасына ауыл шаруашылығы техникаларын және жабдықтар жеткізуді қаржыландыруға арналған. Шарт талаптарына сәйкес, ЕАДБ қатысушы мемлекеттерінен техника мен жабдық сатып алуға кемінде 80% кредит желісі бөлінетін болады, оның негізгі бөлігі Ресей Федерациясынан техника мен жабдық жеткізуге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Шарт талаптарына сәйкес, несиелендіру ЕАДБ тікелей қаржыландыруы нысанында теңгемен және рубльмен жүзеге асрылатын болады.

Жоба ЕАДБ миссиясы мен стратегиясына сәйкес келеді. Ол Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасының паркін жетілдіруге және оның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға ықпалын тигізе отырып, Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық тұрғыда өсуіне әсерін тигізеді, ЕАДБ қатысушы мемлекеттерінің арасындағы сауда көлемінің ұлғаюына әкеледі.

 

Барлық жаңалықтар