• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Бейсеев: Жергілікті полицияның тиімді жұмысы үшін халықтың белсенді қатысуы қажет

Б.Бейсеев: Жергілікті полицияның тиімді жұмысы үшін халықтың белсенді қатысуы қажет

11 Шілде, 2016 10:12
Жамбыл облысыныда 2016 жылдың 6 айында прокуратурамен, білім басқармасымен, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиямен, ата-аналар комитеті мен басқа да қызығушылық танытқан үкіметтік емес ұйымдармен 2038 бірлескен рейдтер жүргізілді, оның ішінде 1723-і мекетептік шараларға қатысты рейд жұмыстары. Бұл туралы жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция поковнигі Бақытжан Бейсеев аймақтық қызмет коммуникациясында мәлім етті.

Оның айтуы бойынша, осындай атқарылған шаралар өзінің оң әсерін берді. Соның қорытындысы бойынша, Жамбыл облысының аумағында жалпы қылмыстық құқық бұзушылық 9,3%-ға төмендегені байқалады немесе 9434 фактіден 8557-ге дейін төмендеген. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 1,6%-ға қысқарған, көшелерде -0,6%-ға.

«Ең маңызды фактілердің бірі болып, ол «нөлдік төзімділікті» қоғам арасында қалыптастыру болып табылады. Осылайша, жергілікті полиция қызметкерлерімен 68935 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, 605 млн теңгеден астам айыппұлдар жасалған»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, соңғы кездері отбасылық-тұрмыстық салаға көп көңіл бөлінеді. Отбасылық жанжал бойынша сотпен 61 арнайы талаптар құрылды, оның нәтижесінде отбасылық жанжал 11,1  %-ға төмендеді.

Б.Бейсеевтің сөзі бойынша, жергілікті полиция қызметкерлерінің тиімді жұмысы үшін халықтың белсенді қатысуы маңызды. Бүгінгі күні 338 азаматтардың жұмыссыз отыру мәселесі шешілді. Олар полиция қызметкерлерінің көмекшісі ретінде жұмысқа орналастырылды. Қазіргі күні 60 азамат қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыс жасайды және ай сайын 30 мың көлемінде жалақы алады.

«Әрине ол аз және болашақта азаматтарды қоғамдық тәртіп сақтауға тарту мәселесі қозғалатын болады»,- деді ол.

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін тұрақтандыру үшін және облыстың автожолдарында жазатайым оқиғаларды азайту үшін шаралар қабылдайды.

206 бейнекамераның көмегі бойынша 57 қылмыс анықталды, әкімшілік жауапкершілікке 9058 тұлға тартылды, 19 млн теңге сома көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, полиция полковнигі облыс әкімдігі жергілікті полиция қызметін әрдайым бақылауда ұстайтындығын атап өтті. Ағымдағы жылы материалды-техникалық шығындарға 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінді және бөлек мекеме берілді, оның жөндеу жұмыстарына 30 млн теңге берілген.

Естерінізге сала кетейік, жергілікті полиция қызметі Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» атты екінші бағыты бойынша құрылды. Оның негізгі тапсырмасы - жол қозғалысы қауіпсіздігін және қылмысты алдын алуды, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету.

Барлық жаңалықтар