- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруді қадағалау бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді
АШМ ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруді қадағалау бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді
Бас қосудың мақсаты – бұған дейінгі мәжілістердің нәтижелерін салмақтап, саралап, бір тоқтамға келу, комиссия мүшелерінің өзара жұмысын пысықтап алу және «жалпыдан жалқыға» көшу арқылыжерге қатысты мәселелерді шешудің нақты жолдарын анықтау.
Бүгінде жер реформасында туындап отырған мәселелерді екіге бөліп қарастыруға болады: Біріншісі – саяси мәні бар, яғни жерді шетелдіктерге жалға беру, қазақстандықтардың иеленуі сынды мәселелер.
Оларға қатысты барлық аймақтарды аралап, халықпен кеңесіп, жан-жақты ұсынымдарды жинай отырып, көпшілік болып шешім қабылдау керек екендігі белгілі.
Екіншісі – ағымдағы, көзге көрініп тұрған, шешілу жолдары айқын мәселелер. Бұған жерлерді берудің шекті мөлшерін белгілеу, қоғамдық бақылауды күшейту, ауыл маңындағы жайылымдық жерлердің берілу тәртібі жатады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруде олардың шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу керектігі айрықша аталды. Әрбір әкімшілік аудандар және республика бойынша қазақстандықтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларындажалда болуы мүмкін ауыл шаруашылық жерлерінің түрлері бойынша шекті мөлшерлерін бекітуаса маңызды. Сол себептен, ауыл шаруашылығы жерлерінің жергілікті жағдайы мен ерекшеліктерін, сапалық сипаттамасын есепке алып, шекті мөлшерін анықтау қажет.Бұл жағдай бір қолға ірі көлемдегі жердің шоғырлануына жол бермеуге тиіс.
Үшінші өзекті бағыт ретінде аймақтардағы жерлердің пайдаланылу ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік шекараның аймағынан қазақстандықтарға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шеңберін (радиусын) анықтау мәселесі талқыға түсті.
Ұсынылған тағы бір мәселе – халықтың қажетіне арнап пайдаланылатын және елді мекендердің жанындағы жайылымдық және шабындық алқаптарды жеке меншікке және жалға беруге тыйым салу мәселесі болды.Яғни, елді мекендер маңайындағы жерлерден халықтың қажеттілігіне керек жайылым мен шабындық жерлердің шеңберін анықтау керек.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай