- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жалға берілетін жерлерге мониторинг енгізу қажет – АШМ (ФОТО)
Қазақстанда жалға берілетін жерлерге мониторинг енгізу қажет – АШМ (ФОТО)
«Қолданыстағы заңнамада жалға берілуі мүмкін жерлердің шекті мөлшері белгіленбеген. Жерді жалға беру конкурс арқылы, жалпы ережемен жүргізіледі. Яғни, қолданыстағы заңнамада жерді жалға берудің ашықтығы қамтылмаған. Сондықтан да, халықтың жер бөлуге қатысты шараларға наразылығы бар. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға жалға беру шарттарын сақтай отырып, оның тиімділігіне мониторинг жүргізуді ұсынамыз. Бұл ретте мониторинг жерді нысаналы мақсатына пайдалануын қарастырады, топырақтың құнарлылығын сақтау және ластануына жол бермеуді тексереді. Сонымен қатар, жерді қорғау жөніндегі шаралар жүргізіліп, жерді тиімді пайдалануы бағаланады»,- деді Е. Нысанбаев.
Оған қоса, Жер кодексіне жаңа бап енгізу ұсынылып отыр, ол ауыл шаруашылығы жерін жалға берудің тәртібін жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы жерлерін тек конкурс арқылы жалға беруді ұсынамыз. Оның ережесін орталық мемлекеттік органдар бекітеді.
«Сондай-ақ, , министрлік ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру бойынша конкурс өткізудегі әкімдіктердің іс-әрекеттері де нақтыланбақ. Айталық, әкімдіктер конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімін анықтап, жердің жалдау ақысының мөлшерін нақтылайды, конкурс өткізудің мерзімдерін белгілейді», - деді вице-министр.
Е.Нысанбаев Қазақстанда жалға берілетін жерлерге мониторинг енгізу қажет екендігін жеткізді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды