- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында Өңіраралық кооперацияны дамыту шаралары күшейтіледі
Ақтөбе облысында Өңіраралық кооперацияны дамыту шаралары күшейтіледі
Ақтөбе облысының билігі Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен өзара ынтымақтастық өңіраралық байланысты кеңейту туралы меморандумдарға қол қойды. Өзара тиімді тауарлар жеткізу мен тәжірибе алмасу жұмыстары еліміздің өзге облыстарымен де жүріп жатыр.
Өңіраралық кооперация жүзеге асырыла бастағалы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді: әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерін тікелей жеткізудің арқасында баға орташа алғанда 10-15 %-ға, жекелеген жағдайларда 40 %-ға дейін төмендеді.
Алайда, Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазіргі таңда жергілікті тауар өндірушілерге және азық-түлік пен өзге тауар түрлеріне бағаны төмендету үшін қолдау көрсетуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру темпі бәсеңдеген.
Ақтөбе облысы үшін ауданаралық кооперацияны дамыту мәселелері де өзектілігін сақтап отыр. Қазіргі таңда бұл бағытта тек Шалқар және Ырғыз аудандары бойынша алға жылжу бар, сонымен бірге көршілес Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарымен іскерлік байланыс орнатылуда. Ырғыз ауданында балық зауыты құрылысына қызылордалық кәсіпкер қаржы құйды.
“Өңіраралық кооперацияны дамыту жұмыстары темпі қанағаттандырарлық емес. Көрші облыстардың әлеуетін толық пайдалана алмай отырмыз. Сонымен бірге тек азық-түлік жеткізу бойынша жұмыстар жасалуда, өңіраралық кооперация экономиканың өзге салаларыда да оң ықпалын тигізуі мүмкін ғой. Мұның барлығы жүйелі жұмыстың болмауынан. Жауапты тұлғалардың тарапынан бақылау мен жұмыстарды үйлестіру тиісті деңгейде емес”, - дейді Ақтөбе облысының әкімі.
Бердібек Сапарбаев өңіраралық байланыстарды дамытудың ең алдымен тұрғындар үшін, сонымен бірге импорт алмастыру тұрғысынан алғанда өңір үшін тиімді екенін атап өтті. Осыған орай облыс әкімі әкімдіктер мен мемлекеттік орган жетекшілеріне өңіраралық кооперация үлгісін одан әрі дамытып, өнеркәсіп, құрылыс, білім, мәдениет, спорт, туризм және т.б. салаларда кеңейту жөнінде тапсырма берді.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары